Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Академик Ғ.С.Сейіткасымов атындағы индустриалды –экономикалық колледжі «Қош келдің әз - Наурыз!» тақырыбында наурыз-думан мерекесін өткізді

Ұлыстың ұлы күні Наурызтойын бүкіл Шығыс халқы ежелден тойлап келеді. Бұл мерекені Қазақ халқыда асыға күтіп, ұлыстың салт-дәстүрі мен қарсы алады.
Академик Ғ.С.Сейіткасымов атындағы индустриалды –экономикалық колледжі ұжымыда студенттерге ұлттық салт-дәстүрді насихаттау  және қазақтың ұлттық өнерімен  мәдениетінен тәлім –тәрбие беру мақсатында «Қош келдің әз - Наурыз!» тақырыбында наурыз-думан мерекесін өткізілді. Бұл мерекеге студенттерге тәлім –тәрбие береді. Қонақтар шақырылып наурыз көжеден дәм татты.
Олар: колледж құрылтыайшысы, Астана қаласы білім беру сапасын бақылау департаменті өкілдері, «АҚ Самұрық-энерго»  басшысы, қазақ экономика қаржы және халықаралық университетінің «банк ісі» кафедрасының өкілдері «Фолиант» баспа өкілдері және әлеуметтік серіктестіктер.
Колледж құрылтайшысы ҚР ҰҒА-ның академигі Ғабдығаппар Сағитұлы Сейтқасымов , коледж басшысы Темірболат Қамзенұлы келген қонақтарды қарсы алып  наурыз мерекесімен құттықтады.

           

Наурыз мерекесі құрметіне  әр топтың студенттері ұлттық киім киіп, ұлттық тағамдардан дастархан жайды, шашу шашылды.

   
Мерекелік концертте ән-шырқалып, би биленді. Ұлттық киімде қыздарымыз Динара Қожахметова, Касимова Асемгуль қазақ биін билесе, Қали Сымбат, Дауренбекова Назира тамылжыта ән шырқады. Домбырада, қобызда ойнайтын ұл-қыздарымыз Тәттімбеттің, Құрманғазының, Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін күмбірлете орындады. Халқымыздың салт-дәстүрін насихаттап «Баташар» сахналық қойылымы өткізілді.



Колледж ұжымы

      

«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол бола,          
Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар.»
деп студенттерімізге академик Ғ.С.Сейткасымов бата берді.

Мерекенің салтанатты өтуіне ықпал еткен колледждің оқытушысы Даужанова Майра Меңлібекқызына деген ризашылық пен алғыста айтылды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное