Меню KDT

Новости

Главная Новости

Мектепке дейінгі мекеме педагог-психологтарының қалалық семинары өткізілді

2014 жылдың 13 ақпан күні «Кайнар» балабақша шағын орталығында Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Астана қаласының коррекциялық мекемелері педагогтарының шығармашылық потенциалын дамыту және тәжірибе алмасумақсатында «Мектепке дейінгі мекемелерде дарындылықты анықтау үрдісі» тақырыбында педагог-психологтардың қалалық семинары өткізілді. 
       Семинарға Білім басқармасының әдіскері Амерханова А.Ш., модераторлар Шонтыбаева А.Н, Төлеген А.О. қатысты.
   Семинардың негізгі мақсаты:  Мектепке дейінгі мекемелердегі дарынды балалармен жұмыстың педагогикалық-психологиялық шарттарын анықтау
Міндеттері:
  1. Бала дарындылығын зерттеуді теориялық талдау
  2. Мектепке дейінгі жастағы дарынды балалармен жұмыстың бағдарламаларын анықтау
Семинар барысында қатысушыларды бір-бірімен таныстыру мақсатында «Көңілді амандасу» жаттығуы жүргізілді.  Педагог-психологМухамеджанова Д.А. «Мектепке дейінгі мекемелерде дарындылықты анықтау үрдісі» тақырыбында баяндама жасады. Практикалық бөлімінде бейне-баяндама түрінде іс-тәжірибесімен бөлісті.
      «Қайнар» шағын орталығының тәрбиешісі Орынбаева А.С.  «Қиын балалармен жұмыс» тақырыбында баяндама жасады.Сонымен қатар «Мен дарынды балалармен жұмыс істей аламын, өйткені ...» сөйлемін аяқтау жаттығуын жүргізді.
   Семинарға қатысушылардың назарына психологиялық-педагогикалық сабақтардың оқу-әдістемелік әзірлемелері, ғылыми-практикалық конференциялар жинағы, аттестатталушы педагогтардың мақалаларынан дайындалған көрме ұсынылды.    Семинар барысында педагог-психологтар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, кіріктірілген панорамалық сабақ та көрсетті.
         Семинар соңындапедагог-психологтар дөңгелек үстел аясында өз пікірлерімен бөлісті.
  

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"