Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Жас мамандар» онкүндігі

2013 жылдың 18-29 қараша аралығында кәсіптік және техникалық білім әдістемелік кабинетінің жоспары бойынша қалалық жас мамандарға арналған онкүндік өткізілді.
Онкүндіктің мақсаты- жас мамандардың әдістемелік шеберлігін көтеру, педагогикалық құзыреттілікті дамыту, өз жұмысының негізінде жауапкершілікті қалыптастыру және қызығушылықты ояту.
Онкүндік аясында ұйымдастырылған әртүрлі іс-шараларға шараларында 35-тей оқу орындарынан 100-ден астам оқытушылар қатысты.
Онкүндік аясында ұйымдастырылған шаралар:
- «Қазақстан Республикасының білімдік құқық-нормативтік тұғыры» құқықтық лекторий;
- «Оқытушы ізденіс жолында»» педагогикалық технологиялардың әдістемелік жинағы;
- «Студенттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіру мен қалыптастыруда педагогтың рөлі» педагогикалық кеңес беру;
- «Оқу үрдісіндегі денсаулық сақтау технологиялары»-әлеуметтік-психологиялық тренинг;
- «Сабақта ақпараттық-коммуникативтік жүйелер техникасын қолдану мүмкіндіктері» тақырыбындағы шеберлік сағаты;
- «Ең үздік жетекші» өмір жолын жаңа бастаған кураторларға арналған тақырыптық ой-пікірмен бөлісу;
- «Ұстаз-ұлағатты іс» тақырыбында дөңгелек үстел.
 Аталған іс-шаралар гуманитарлық–заң, Еуразиялық институт колледжі, гуманитарлық-техникалық, медициналық, көлік және коммуникация, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету, гуманитарлық колледждер базасында өткізілді.
Іс-шаралар интерактивті түрде және іскерлік ойындар, ашық сабақтар, ашық сабақтан тыс шаралар, тренингтер, ой-пікір таласы, педагогикалық талдау түрінде жүргізілді.
Әр колледж ұжымынан келген жас мамандар өздерінің тәжірибесі, әдістемелік құжаттармен тәжірибе алмасып ортаға салды.
Іс-шаралардың соңында «Жас мамандар» онкүндігіне катысқандарға сертификат берілді.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное