Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

«Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицей» базасында «SHARE-іс-әрекеттегі зерттеу» халықаралық жобасының аясында семинар өткізілді

2022 жылғы 17 маусымда «Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицей» базасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Білім беруді жаңғырту орталығының және Кембридж университетінің қолдауымен «SHARE – іс-әрекеттегі зерттеу» халықаралық жобасының аясында семинар өткізілді. Бұл семинарда «SHARE» жобасына қатысушы мектептердің 2 және 3 топтары осы жобаны жүзеге асыру бойынша өз жоспарларымен таныстырды. Семинар барысында ұстаздар жобаны жүзеге асыру бойынша жоспарларымен бөлісіп, барынша пікір алмасып, жан-жақты талқылауға салды. Ұстаздар талқылаулар нәтижесінде өз жоспарларына өзгерістер енгізді. 1-топ координаторлары семинар қатысушыларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, барынша қолдау көрсетті.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное