Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

«Білім шыңы» зияткерлік сайысы

Бастауыш сыныптар онкүндігі аясында    14.04 күні   2-  сыныптар арасында   «Білім шыңы» зияткерлік сайысы өтті.

Мақсаты 

     Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.

Сайыстың барысы

    Сайыс 3 айналымнан және 6 кезеңнен тұрды.  Сұрақтар мен жауптар ұяшықта берілді.   Әр кезеңде 8 ұяшық ашылды.  Оқушыға 8 ұяшықтың біреуін таңдау құқығы берілді.
1-айналым 3 кезеңнен тұрады.
1. Тұрақты тіркестер беріледі. Тұрақты тіркестердің мағынасын ашып айтады.
2. Ең негізгі пәндерге байланысты сұрақтар
3. Танымдық сұрақтар
2-айналым 2 кезеңнен тұрады.
1. Жаратылыстану бағыты бойынша сұрақтар
2. Логикалық сұрақтар
3-айналым 1 кезеңнен тұрады.
"Жеті жұрттың тілін біл"

   Соңында  «Білім шыңы» зияткерлік сайысында  жеңімпазымыз анықталды.

Ол  2 А сынып оқушысы - Қайрат Мансұр.

 Жалпы осы сайысқа қатысқан оқушылар білімдерін көрсете білді .Сайысқа қатысқан  әр оқушыға, ұстазына,  ата-анасына алғысымызды білдіреміз!








Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное