Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

ҰБТ-ға дайындықты психологиялық сүйемелдеу

2021 жылдың 15 сәуірі күні  мектеп бітіруші түлектердің  мемлекеттік емтихан және ҰБТ-ға дайындық кезеңдерін психологиялық сүйемелдеу мақсатында І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясының педагог-психологі А.Б.Ахметова 11-сынып оқушыларымен тренинг-сабақ өткізді.

Оқушыларды оңтайлы көңіл-күйге ендіру мақсатында «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?» жаттығуы орындалды. Оқушылармен еркін әңгіме алаңында «Сіз үшін ҰБТ дегеніміз не?» тақырыбында әңгіме-сұхбат жүргізілді. Әңгімелесу барысында оқушылар өз ойлары мен қобалжулары туралы ой бөлісті. Армандары мен мақсаттары туралы, дайындықтары жайлы сөйлесті.

ҰБТ-ға психологиялық дайындық бойынша келесідей ұсыныстар берілді:

  • Емтихандарға тиімді дайындалу және қобалжуды ырықта ұстай білуге төселу
  • Жүйке-бұлшық ет күштенуін бодырмауға үйрену
  • Өзіне сенімділікті дамыту
  • Өзін бақылай білуге дағдылану
  • Есте сақтаудың тиімді тәсілдерін меңгеру
Мемлекеттік аттестаттауға дайындық кезінде өзіңді психоэмоционалдық шаршаудан сақтап отыру керектігі және шаршауды болдырмау үшін психикалық қалыпты басқару жаттығуларын біліп, орындап отырғандары дұрыс екені айтылып, бірнеше тыныштандырушы тыныс алу жаттығулары жүргізілді. Емтиханға дайындықты жетекші арнаға сүйене отырып, жүзеге асыру мүмкіндігін туғызуға болатыны белгілі, сол себепті сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиалық күйге келтірудің «Медитация» аутотренингі жүргізілді. Тренинг соңында кез-келген қиындықты жеңіп шығу сенімділігін арттыратын “Кедергілерден өту” ойын-жаттығуы жасалды. Кері байланыс арқылы оқушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, ризашылығын білдірді.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное