Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

12 сәуір-Ғарышкерлер күні

 

1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді.   Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды.2021 жыолың 9 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы М. Өтеміс атындағы Оқушылар сарайы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  Халықаралық авиация және ғарышкерлер күнінің 60 жылдығына арналған «Таңғажайып ғарыш» атты ой алаңы ұйымдастырылды. Осы ой алаңына 10 «А» сынып оқушысы Кендирова Жұлдыз қатысты. Сынып жетекшісі Р. Қасмағанбет. Жұлдыз  болашақта ғарышкер болатынын айтып, сұрақтар қоя білді.  Оқушымыз Кендирова Жұлдыздың болашағына сәттілік тілейміз. Жарайсың!!!
 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное