Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

12- СӘУІР - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп –гимназиясында бір  педагогика ғылымының кандидаты және 17 магистр қызмет етеді.

             Бүгін  директордың бейіндік оқыту  жұмысы  бойынша орынбасары  Кожахметова Бақыт Садаховна онлайн форматта  мектебіміздің ғылыми қызметкерлерімен «Магистрлік оқуды таңдаған себебім, ...», «Менің магистр ретінде мектептің дамуына қосар үлесім ...» деген сұрақтар бойынша ой бөлісті. Сонымен қатар, педагогика ғылымының кандидаты Самал Ботахановна кәсіби  мерекелерімен  құттықтап, өзінің ғылым жолындағы  жетістіктері туралы айтты.

         Ғылым - ұлттық ресурс, мемлекеттің экономикалық өркендеуінің өзгермейтін құрамдас бөлігі, ел болашағының кепілі. Ол қоғамды алға жылжытады, технологияны дамытады, өндірісті жетілдіреді және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Құрметті  докторанттар, магистранттар,оқушылар  және әріптестер, сіздерді Қазақстанның ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное