Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

ANTIKOR.LIVE жобасы аясында бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы жөнінде жылдық есеп беру

ANTIKOR.LIVE жобасы аясында бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы жөнінде жылдық есеп беру
№64 мектеп-лицей  директоры Баймуратова Бану Алимжановна Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ANTIKOR.LIVE жобасы аясында бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалуы жөнінде жылдық есеп беру мақсатында әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізді. Тікелей эфир барысында жыл бойына мектептің материалдық-техникалық  базасын нығайту мақсатында, компьютер, моноблок тағы басқа техникамен қамтамасыз ету үшін, заманауи кабинеттер жасақтауға, мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына, карантин кезеңіндегі дезинфекциялық жабдықтар мен құралдарды сатып алу бойынша және тағы басқа мектептің шығындарына жұмсалған мектеп бюджеті жайлы айқын және түсінікті ақпарат ұсынылды.
Алдағы 2021 жылға жоспарланған жылдық бюджеттің бөлінуі жайлы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, мектебімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстар бойынша жобалар жүргізіліп жатқаны айтылды. Атап айтсақ, «Адал ұрпақ», «Адалдық дүкені», «Адал кітапхана», «Парасатты азамат» ақпараттық бұрышы, «Сенім жәшігі» және де басқа іс-шаралар.Тікелей эфирде ата-аналарға кері байланыс берілді.






Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное