Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

"ANTIKOR LIVE" жобасы аясында тікелей эфир

 21 қаңтар сағат 10:30-да №55 орта мектеп директоры Д.А. Рахимберлина  Instagram желісі бойынша  "ANTIKOR LIVE" жобасы аясында тікелей эфирде "Жыл бойынша бюджеттің атқарылуы" туралы есеп берді.  "Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №55 орта мектебінің 2020-2021 оқу жылына  мектепке бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп берілді. Осы кездесуде  2021 жылға арналған  алдағы жоспарлармен де бөлістік.Кәсіби мұғалім-нәтижелі оқытудың кепілі. Басты мақсаты: қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, білімді, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және дамыту.Тарифтеу бойынша педагогтардың жалақы, әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, жеке табыс салығы және  т.б туралы ашық айтылып өтті.Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жасалған жөндеу жұмыстары, төтенше жағдай кезіндегі (карантин) дезинфекциялық жабдықтардың сатып алыну, мектеп ғимараты бойынша қызметкертерге және де басқа да қызметтерге құралдарды сатып алуға, заманауи кабинеттерді жасақтау, мектеп бюджеті  туралы нақты ашық ақпарат берілді. Мектеп диреторы Д.А.Рахимберлина 2021 оқу жылы бойынша қаражаттың бөліну кестесі таныстырып,барлық ақпараттың жүзеге асуын қадағалауда мектеп сайтында жарияланып тұратыны туралы қосымша мәлімет берді.Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №55 орта мектебінің 2020-2021 оқу жылына  мектепке бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп берілді. Жасап жатқан әр ісімізге береке болсын деп тілейміз!!! Жоғарыда өткізілген тікелей эфир бойынша ақпарат фейсбук парақшасында да ақпараттандырылды. 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное