Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Қыркүйек айының іс-шаралары туралы есеп

        «Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына,елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру-ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі»

                                                                                                            Қасым -Жомарт Тоқаев

        №22  мектеп-гимназиясының әдістемелік бірлестігінің  қаулысы бойынша Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай  ұйымдастырылған «Абай -дана, Абай-дара» атты шаралар 04-18 қыркүйек күндері  аралығында  өткізілді.
 Мақсаты: Абай шығармалары арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Ішкі рухани тазалыққа үйрету.
 Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.

     Іс-шаралардың барлығы қашықтықтан болды. Барлық сыныптарда мерейтойға арналған тәрбие сағаттары, жоғары сыныптарда дөңгелек үстел отырыстары өткізілді.

     Атап кететін болсақ: 2-сынып оқушылары Айдарбек Ерсултан, Варавин Александр, Казанов Елнур, 7 «Б» сынып оқушысы Кусманова Амина, 9- сынып оқушысы Козлова Арина,  10 «Б» сынып оқушылары Гулиев Салех пен Гулиев Талех, Ткач Анастасия, 11 сынып оқушысы т.б. Абай өлеңдерін, қара сөздерінен үзінділерді  мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыды. Ұлы ақынның өнегелі  шығармаларына шолу жасалды. Өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқып, әндерін шырқады. Мұғалімдер тарапынан білім алушыларға ұлы ақын, ойшыл өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мағлұмат берілді.

     Ұстаздар  ұлы ақынның қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау ретінде алуымызды,  қазақ сөзінің киесі қонған  қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы болатынын атап өтті. 

     Орындаған ӘБ жетекшісі: М.Нурова

     Тәрбие сағаттан көріністер:

  

 









Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное