Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

"Әл-Фараби және қайырымды қоғам" тақырыбындағы "Адалдық сағаты"

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіктің бастамасымен жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Адалдық сағаты» жалпыреспубликалық акциясы тұрақты түрде өткізіліп келеді.


Елдегі қалыптасқан карантин жағдайына байланысты және мамыр айында бірінші рет онлайн форматта өткен «Адалдық сағатының» оң тәжірибесін ескере отырып, жалпыреспубликалық акцияны ай сайын өткізу туралы шешім қабылданды.

Шілде айының 17-24 аралығындағы «Адалдық сағатының» тақырыбы ұлы ойшыл, ғұлама Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» деп аталып, мемлекеттік және ресми тілде тиісті бейне-дәрістер әзірленді. Көрермен мемлекеттік және ресми тілде әзілренген бейне-дәрістер «QAZAQSTAN» телеарнасынан 12.00-16.00 аралығында, сондай-ақ аумағымыздың жергілікті телеарналары арқылы да тамашалай алады.

Осыған орай, «Әл-Фараби және қайырымды қоғам» тақырыбында өтетін адалдық сағатында, Әл-Фарабидің өз шығармаларында, оның ішінде «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінде тәрбие, мейірімділік, парасаттылық және әділдік жайлы айтылған ойлары мен өскелең ұрпаққа қалдырған мұралары туралы болады.

Ұлы ойшылдардың еңбектерін кең көлемде дәріптеу – саналы ұрпақты тәрбиелеудің жарқын үлгісі екендігі айдан анық. Сондықтан, әр тоқсан сайын өтетін «Адалдық сағатында» ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығындағы адами құндылықтары дәріптелмек.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное