Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

1-10 сыныптар аралығында Қазақстан Республикасының министрінің ұсынымы бойынша соңғы қоңырау онлайн түрінде өткізілді

Қазақстанымыздың түкпір-түкпірінде барлық қала - ауыл аймақтарында, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында 1-10 сыныптар аралығында Қазақстан Республикасының министрінің ұсынымы бойынша соңғы қоңырау онлайн түрінде өткізілді. Әр сынып жетекші оқушыға ыңғайлы платформа таңдап, тәрбие сағаттарын өткізді. Біздің №74 мектеп-гимназиясында сынып жетекшілер сынып сағатын еліміздің Әнұранынан бастап Білім және ғылым министрі мен Нұр-Сұлтан қаласы Білім Басқармасының басшысы Шолпан Маратқызының құттықтауларын көрді. Одан әрі сынып жетекшілер өзінің құттықтау сөзін айтып, 2019-2020 оқу жылында оқушылардың жеткен жетістіктерін және жыл қорытындысы бойынша үздік бітірген оқушылар туралы мәлімдеді. Сонымен қатар сынып сағатына арнайы қонақ ретінде мектебімізді бітірген үздік түлектеріміз Шабыт өнер университетінің студенті Прекеш Дарын, Қазақ Ұлттық хореография академиясының өнер факультетінің студенті Сұлтанбай Арман, Журналист Данияр Есен, қамқоршылық кеңес мүшелері және мектеп директорының құттықтау сөздері айтылды. Қорытылай келгенде бүгінгі мектебіміздің жалпы соңғы қоңырауына 1932 оқушы сынып сағатына онлайн қатысты.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное