Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІНІҢ ҮШІНШІ ОТЫРЫСЫ

     Мектеп директоры К.Баяхметбаева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҰҚСК-нің үшінші отырысында айтылған мәселелерге байланысты пікір білдірді     
     Бүгінгі Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзін тыңдай отырып, өзіндік пікір мен ішкі толғанысымды жеткізгім келеді. Әрине, Президенттің бұл кеңесте айтқандары педагог ретінде маған қатты әсер етті. Президент сөзінің басым бөлігі білім мен ғылым саласын қамтыды. Әсіресе, пандемия кезіндегі ұстаздардың ерен еңбегін елеп-ескеруі мені ерекше толғандырды. «Қашықтықтан оқыту білім саласының қайсар жандарын анықтады. Біз «Балапан», «Ел арна» арқылы ұстаздардың сабағын көрдік. Әрине, олардың кейбірі шынымен де құрмет пен қолдауға лайық», - деді Президент өз сөзінде. Расында, қашықтан оқытудың машақаты ата-аналар мен қатар ұстаздар қауымына үлкен сын. Оқушылар мен ата-аналар қысқа мерзім ішінде осындай жағдайға бейміделуге дайын болды. Осыны ескеріп жатқан Президентке алғысым шексіз.
     Мемлекет басшысы мұғалімдердің еңбегінің дұрыс бағаланбауына және білім саласына қатысты бір қатар сыни пікірлер айтты.Мұғалімдердің көзге көрінбейтін жұмыстары өте көп. Сондықтан кез келген марапат артық емес. Ұстаздардың еңбегін бағалауға арналған арнайы мемлекеттік сыйлық дер кезеңде тағайындалды деп ойлаймын. Себебі пандемия кезінде ұстаздардың жұмысы бірнеше жағдайда еселенді. Одан бөлек басқа да әлеуметтік сала қызметкерлерімен қатар педагогтарға да «Халық алғысы» деген медаль белгіленіп жатқанын айтты. Әрине, бұл ұстаздар қауымының беделін арттыруға бағытталып жатқан мемлекет қабылдаған тиімді шаралар болады деп есептеймін. Одан бөлек жалақыны да көтеру жайы қозғалды.
     Бастысы Президент Білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу қажеттігін айтты. Қалай дегенмен де білім мен ғылымды дамытуды мемлекет саясатындағы басты бағыт ретінде қарастыруы туралы Президенттің айтқаны менің көңілімнен шықты.  Осы жағынан алғанда, адами капиталдың сапасын айтарлық артыру және жалпы білім саласындағы жағдайды реттеуге мемлекет тарапынан нақты шаралар қабылданып жатыр деп айтуға болады. Ұстаздар мәртебесінің зор құрметке ие болатына сенімдімін!
 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное