Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

ОНЛАЙНДАҒЫ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТЫ

     Биыл мектептерде соңғы қоңырау  коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматында өтті. Бұл кезең білім беру саласындағы күтпеген жаңалықтар мен өзгерістерге толы болды.
    Осы орайда елдордық Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп-гимназиясы да қашықтықтан соңғы қоңырау шарасын өткізді. 2019-2020 оқу жылының төртінші тоқсаны "жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, мұғалім-оқушы-ата-ана қарым-қатынасының қаншалықты маңызды екенін тағы бір көрсетті. Мұғалімдердің ерен еңбегі және ата-аналардың қолдауы арқасында оқушыларымыз қашықтан  білім алып, болашағын бағамдап бірі жазғы демалысқа, енді бірі кәсіптік оқу орындарына баруға ниет білдірді.
   Мектеп алаңында қоңырау үні естілмесе де,  1-10 сынып жетекшілері онлайн режимінде («ZOOM» платформасы, әлеуметтік желілер арқылы) соңғы қоңырауға арналған сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттары барысында оқушыларға 2019-2020 оқу жылының қорытынды білім сапасымен таныстырылып, сабақты үздікке аяқтаған оқушыларымызға мақтау қағаздары жаңа оқу жылында табысталатыны ескертілді. Ата-аналарға жазғы демалыс кезіңдегі оқушылардың өмір қауіпсізідігі туралы ақпарат берілді.
    Әрине, соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Сондықтан болар, балалар ұстаздар қауымына ризашылығын білдіріп, өз өнерлерін тарту етті. Өз кезегінде мұғалім оқушыларға ақ жол тілесе, ата-аналар ұстазға шын көңілдерінен алғыстарын жеткізді.
    Мектеп директоры Баяхметбаева Күнімбала 2019-2020 оқу жылының басты жаңалықтарына тоқталды. Оқу жылы жаңа батауыш ғимаратынының ашылуымен басталып, Міржақып Дулатұлы аты берілуімен аяқталып отыр. Ұлы тұлғаның атын иемдену мектеп үшін ғана емес, Көктал кенті-2 тұрғындары үшін зор қуаныш, үлкен жауапкершілік. Мектепке Міржақып Дулатұлы атындағы статустың берілуі, алдымен, педагогикалық ұжымның нәтижелі еңбегі мен оқушылардың жетістігі деп санауға болады. Мектептің тарихына көз жүгіртсек, «№68 орта мектеп» КММ болып 2011 жылы тамыз айында ашылған. 2018 жылдың 19 қарашада Астана қаласы әкімдігінің «№68 мектеп-гимназия» КММ статусы берілді. Осы жылдар аралығында директор Шәріпхан Жакенбай бастаған бастамашыл топ мектепке Міржақып Дулатұлы есімін беру туралы ауқымды жұмыстар жүргізіп, Көктал-2 кенті тұрғындары ақсақалдарымен бірлесе отырып мәселенің оң шешім табуына ықпал етті.
     Онлайн сынып сағатында Күнімбала Ізтөлеуқызы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы  және Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығын атап өтуіне белсенді ат салысуға шықырып, төтенше жағдай кезіндегі атқарылған іс-шараларға шолу жасады. Ұлағатты ұстаздар қауымын, ардақты ата-аналар мен оқушыларды соңғы қоңырау мерекесі – оқу жылының табысты аяқталуымен құттықтады.
   
   



 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное