Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

HANGOUTS MEET ПЛАТФОРМАСЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

HANGOUTS MEET ПЛАТФОРМАСЫМЕН ӨТКІЗІЛГЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
2020 жылдың 31 наурызында Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде Hangouts meet платформасында  онлай-педагогикалық кеңес өткізілді. Педагогикалық кеңеске мектептің мұғалімдер ұжымымен қоса, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Абдижалилов Атахан Усманханович те қатысты. Күн тәртібіне қойылған мәселелермен мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы таныстырып өтті:
2019-2020 оқу жылының ІІІ тоқсаны бойынша оқушылардың үлгерімі және білім сапасы. Мектеп оқушыларын қорытынды аттестаттауға дайындық. (Алимова З.С.)
Мектептің инновациялық жобалары:
- «SHARE» (Кожахметова Ж.Ш.)
- «СТЕМ-білім беру» (Апитова Б.К.)
- «Cisco» (Искакова Г.Г.)
- «Жас сарбаз» (Дюсембаев М.Р.)
- «Бағдарламалау негіздері» (Ныгметжанова Г.М.)
«Lesson study» кластері аясындағы мектептің іс-әрекеті. (Айсанова А.А.)
Қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру түрлері:
google.classroom.com платформа аясында Hangouts meet бағдарламасын қолдану (Билял М.Ж.)
ZOOM платформасында бейнеконференция ұйымдастыру (Серикбекова Б.А.)
Алғашқы үш мәселе бойынша аталмыш платформада баяндамашылардың презентациялары ұсынылып, педагогикалық кеңес шешім шығарса, кейінгі мәселелер аясында мұғалімдер өз әріптестері тарапынан google.classroom.com платформа аясындағы Hangouts meet бағдарламасы, ZOOM платформасында бейнеконференция ұйымдастыру туралы нақты әдістемелік нұсқаулықтар алды. Сондай-ақ, мектеп басшысы мұғалімдерді бұл платформалармен шектеліп қана қоймай, заманауи және оқушыға сабақ беруде, кері байланыс алуда ыңғайлы өзге де ресурстар аясында ізденуге шақырды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес қысқаша түсіндірмелер жүргізіліп, алдағы күндерде жүзеге асырылатын жұмыстар аясында хабарламалар жасалды. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Атахан Усманханович мұғалімдердің қазіргі таңдағы жасалып жатқан еңбектерін бағалау керек деген пікір білдірді. Педагогикалық кеңес соңында директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Алибекова Гульден Зияшевна педагогикалық кеңестің шешімімен таныстырып, мектеп басшысы ұжымды осындай ел басына жаппай түсіп отырған қиын-қыстау кезеңде аса сабырлылық пен шыдамдылық танытуға шақырды, өздеріне, отбасыларына және жақындарына мықты денсаулық, қайрат пен күш, жалындаған жігер, істеріне сәттілік тіледі.
            


        

 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное