Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

«БІЗДІҢ МЕКТЕПТЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?»

«БІЗДІҢ МЕКТЕПТЕ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?»

(Ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу барысындағы ойтүйінім)

#ПедагогКүнделігі

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде аталмыш тақырыпта онлайн-режимінде ата-аналар жиналыстары өткізілді. Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейдің тәрбие жұмысын ұйымдастырушы ретінде бүгінгі күннен алған әсерлеріммен бөлісуді жөн көрдім. Ата-аналармен жиналыс өткізерден бір күн бұрын 122 сынып жетекшіге алдын-ала Нұсқаулықтар дайындалып, нақты қадамдар ұсынылды. Бұл Zoom платформасында берілетін тегін уақытты пайдалы әрі мазмұнды пайдалану үшін жасалған жұмыс болды. Шыны керек, сынып жетекшілеріміз мектеп тарапынан қойылып отырған нақты мақсаттарды сана-сезімдерімен түсіне отырып, сапалы жиналыс өткізу үшін көп еңбек етті. Ойды шашыратпай, жинақы жеткізу мақсатындағы қысқа да нұсқа презентациялар, бейнематериалдар, фотоматериалдарды сәтті қолдана отырып, ата-анаға қашықтықтан оқытудың жүзеге асырылу жолдары туралы нақты түсініктер бере алды.

Осы шара барысында бір байқағаным, күннен-күнге «жұмылған жұдырықтай» болып, бірлігіміз арта түсуде. Біріміздің білмегенімізді бірімізге үйрету, жанашырлық таныту, жылдам шешім қабылдау, публика алдындағы қорқынышты жеңу, уақытты үнемді пайдалану, көпсөзділікке берілмеу, ақпаратты нақты әрі түсінікті беру, міндетті түрде кері байланыс алу, шешімді бірге қабылдау, ақылдаса отырып бір шешімге келу, ақпараттық-технология жүйесі аясында сандық сауаттылықты бұрынғыдан әрі арттыру сияқты жаңашыл мұғалімнің нағыз қасиеттері ашыла түсуде.

Тағы бір айтарым, ата-ана мұғалім қызметінің қиындығын түсініп, әр мұғалімнің бала үшін жасап жатқан жағдайын көріп, сонда да қабақтарын шытпай асқан сабырлылықпен жұмыстарын атқарып отырған сынып жетекшілеріне ризашылықтарын білдіріп жатты. «Қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстарыңыз орасан», «Бөлек жаратылған жансыздар», «Мықты болыңыздар, күш-қайрат тілейміз», «Сізді көргенімізге қуаныштымыз!», «Балалар да, біз де сағындық» деген секілді БІР АУЫЗ ЖЫЛЫ СӨЗДЕРДЕН менің әріптестерімнің еңбектерінің бос кетпегенін түсіндім. Zoom платформасында экранның арғы жағында ата-ана, бергі жағында ұстаз болып, сағыныштан көзіне жас алған сәттің де куәсі болдық...

Ең бастысы, біз өз ата-аналарымызға мақсаттарымызды түсіндіре алдық. Алда нақты іске көшетін сәт күтіп тұр. Ісіміз сәтті болғай!
       


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное