Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Онлайн сабақтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың телевизиялық үндеуінің іске асыру жоспарына байланысты, бүгін сәуір айының 1-ші жұлдызы Нұр-Сұлтан қаласы «№30 мектеп-гимназия» КММ-нде жаңа форматтағы қашықтан білім беру негізінде сынамалы онлайн сабақтар өткізілді. Оқушылардың қашықтан оқыту технологиясына қаншалықты дайын екені және мұғалімдердің бейнемәжіліс арқылы сабақ жүргізу тәсіліне басты назар аударылды.
Кіші, орта және жоғарғы буын оқушыларымен өткізілген сынама сабақтар «Zoom» стримингтік сервисі мен «Google Classroom» жүйелері арқылы ұйымдастырылды. 
Мектеп басшысы Сәуле Мыңшалқызы Азимханова және мектеп әкімшілігі кері байланыс әдісін қолдану арқылы мұғалімдердің онлайн сабақтарына сілтеме арқылы қатысты.  Бүгінгі онлайн сабақта коммуникативті дағдылар:оқылым; тыңдалым; жазылым; айтылым қолданылды.  Мысалы: 8 «Г» сынып оқушыларымен «Food and drink» тақырыбындағы өткізілген онлайн сабақта ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айжан Оралханқызы "Countable and Uncountable nouns" грамматика бойынша презентациясын көрсетіп, жаңа сөздер жазумен қатар мәтін тыңдалды. Оқушыларға Google Classroom-ге өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалары бар бағыт парағы жіберілді.
Білім басқармасының Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскерлеріне әдістемелік қолдау білдіргені үшін алғыс білдіреміз.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное