Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

МӘУЛЕНОВ МЕКТЕБІНДЕГІ ИГІ ІС...

МӘУЛЕНОВ МЕКТЕБІНДЕГІ ИГІ ІС...

Соңғы бірнеше күн қатарынан жауған қардан қаламыз да, даламыз да қалың қар жамылды. Бүгін Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің ауласын қардан тазарту жұмысына мектеп басшысы Алмагүл Тлектесқызынан бастап, ерікті түрде барлық педагогикалық ұжым мен мектептің кіші қызметкерлері қатысты. «Көп түкірсе көл болады», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген рас екен, ауланы дамылсыз жауған қардан тазарту шарасы ұжымның арқасында біраз жерді еңсеріп тастады. Қар жауып тұрса да, бүгінгі күннің жылылығы біздің жұмыс жасауымызға көмектескендей болды. Таза ауада ұжымның күліп-ойнап, қалжыңдасып, бір-біріне көмектесе жасаған істерінен алған әсерлері мол болды. Биылғы «Еріктілер жылының» алғашқы бастамасы мектебімізде өз ерекшелігімен осылайша басталды.

Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінің ұжымына үлкен алғыс білдіре отырып, бірлігіміз, татулығымыз арта берсін дейміз. «Әрдайым жақсылық жасайық, мейірімді болайық, игі іс әрқайсысымыздың жолымызды аша бергей!» дейміз.

           


        

     

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное