«Әлемнің ғажайып үш тірегі»» атты математика, физика, информатика пән бірлестігінің онкүндігі
М - математика ғылымдар патшасы
И - информатика ақпараттар ғылымы
Ф - физика табиғаттың патшасы
Нақты пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында жаңартылған білім мазмұнына сай өткізілген ашық сабақтардан көрініс
5-11 сынып оқушылары арасында «Логикалық сұрақтар», «Кім жылдам?» «Әлемнің әміршісі - сандар», «Кубик-рубик», «Қызық екен», «ХХІ ғасыр Көшбасшы» атты сыныптан тыс сайыс-сабақтары өткізіліп, шеберлік танытқан жеңімпаз оқушылар марапатталды.
Мектеп ұстаздарымен «Ақылдың алты қалпағын оқыту үдерісінде тиімді пайдалану жолдары» атты коучинг-сессиясын математика пәні мұғалімі Е. Мусагалиев өткізді.