Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Коучинг

№69 мектеп-гимназиясында мұғалімдерге арналған коучинг өткізілді. Коучингті Бибигүл Еркінқызы, Айжан Шермуханбайқызы және Нұрман Бағила Төлеуқызы өткізді. Коучинг бірінші және екінші деңгейлік курс бітірген ұстаздардың ұйымдастыруымен өткізілді. Жаңартылған білім беруге көшуге байланысты, ұстаздардың алдында жаңа мәселелер кездесе бастағаны түсінікті. Бұл оқушылардың жаңа талаптарға бейімделу кезеңінде кездесетін қиындықтармен байланысты. Сонымен қатар ұстаздардың арасында да жаңартылған бағдарламаға бейімделу жүріп жатыр. Әсіресе деңгейлік курсты өтпеген және жас ұстаздарға әдістемелік көмек қажет. Осы коучингтің мақсаты: ұстаздың мектептегі көшбасшылық қасиеттерін анықтау, ұстаздар көшбасшылығы арқылы мектепті дамыту, оқушылардың білім деңгейін көтеруде білімдерін тиімді пайдалану. Коучинг соңында көшбасшылық қабілеттерін анықтайтын тест орындады.     






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное