Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Мен оффлайн» республикалық кең ауқымды балалар акциясы

«Мен оффлайн» республикалық кең ауқымды балалар акциясы

Астана қаласы №8 орта мектебінде 21.01-27.01.2019 жыл аралығында Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен оффлайн» республикалық кең ауқымды балалар акциясы бойынша  22 қаңтар күні «Мен интернетсіз күнді қалай өткіздім» атты 1-4 сынып оқушылары арасында фотосурет сайысы болып өтті. Фотосурет сайысының өткізілу барысының жауапкершілігі сурет пәнінің мұғалімі Қ.Сапиев пен сынып жетекшілерге жүктелді.

 23.01.2019 жылы 5-11 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестік жетекшісі А.О.Бейсенбаеваның ұйымдастыруымен  «Мен оффлайн» атт эссе жазу сайысы ұйымдастырылды. Жазылған ээсе бойынша әр параллельден бір оқушы мадақтау қағазымен мараппатталды.

24.01.2019 жылы 5-11 сыныптар арасында «Интернеттің қауіпі» атты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараға информатика пәнінің мұғалімдері Б. Нұрсапа мен Е.Хуандаг белсене атсалысты.

25.01.2019 жылы 9-11 сыныптар арасында апталық қорытындылау кезеңінде саптық жиында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында ой қозғалды. Оқушылар өз ойларын плакат бетіне түсіріп, интернеттің қыр-сырларымен бөлісті. 

              


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное