Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген ұлдар жиналысы болып өтті

       Жиналысқа мектеп инспекторы Е.Закишев, Нұр -Сұлтан қаласы Алматы аудандық полиция басқармасының жедел  өкілі, полиция капитаны Смагулов Нұржан Бисенович, Нұр-Сұлтан қаласы Алматы аудандық полиция аға лейтенаты Аушарипов Ануар Жоламанович қатысты.
     7,8,9,10-сынып ұлдары қатысқан жиналысқа құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша  ҚР баптары бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 188-бап, ұрлық, 108-бап қалтадан ұрлау, 442 -бап қоғамдық орындарда оқушылардың  өзін дұрыс ұстауы және қандай жазаға тартылатындығы айтылды. Сондай-ақ , түнгі клубта және орталық саябақтарда топпен жүріп балалар төбелесі шығып жатқандығы , оған мектеп оқушылары  араласып кетпеуі ескертілді. Мектеп инспекторы Е.Закишев қала  мектептеріндегі оқушылардың  қалалық  және мектепішілік есепке түскендердің өмір жолдарында қаншама кедергілер болғандығы, оқуға түсе алмай  қалғандарын мысал келтіре отырып айтып өтті. Оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное