Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

SCRATCH бағдарламалау ортасы













2019 жылдың 17 мамырында Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы №27  мектеп-лицейінде қала мектептерінің 2-4 сыныптары арасында «SCRATCH бағдарламалау ортасы» конкурсының ІІ турын өткізді. Сайыстың мақсаты бағдарламалау аясында дарынды оқушылардың талантын шыңдау болып табылады. Сайыс іштей және сырттай өткен 2 турдан тұрды. Сырттай өтілген турда оқушылар «Жас Scratch–әзірлеуші»«Мульфильмдер әлемі», «Компьютерлік ойын» деп аталатын 3 номинация бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Бас аяғы 68 өтініш қабылданып, үздік деп танылған 12 жұмыс келесі турға өтті. Іштей өткен ІІ турда оқушылар жоба бойынша жұмыстар орындады. ІІ тур қорытындысы бойынша қатысушылар І,ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное