Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Rixos President Astana» отелінің негізінде «Catering service» кластерін жүзеге асыру аясында шеберлік сыныбы өтті

2019 жылдың 16 қаңтарында «Rixos President Astana» отелінің негізінде «Catering service» кластерін жүзеге асыру аясында «Салқын тағамдар мен тісбасарлар» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Көпбейінді колледжінің арнайы пәндер оқытушылары Шакиева Н.А. мен Хижинская А.А. Шеберлік сыныбына «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша мамандарды дайындауды жүргізетін, «Catering service» кластеріне енетін колледждердің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері шақырылды.

 «Rixos President Astana» отелінің су бас аспаздары Жумабекова Зауре мен Бактыбаев Жандос өз шеберліктері мен кәсібиліктерін көрсетіп, «Rixos» отелінің фирмалық тағамдары «Salad Caprese», «Nicolse Salad», «Roasted Sea Bass» дайындау бойынша шеберлік сыныбын көрсетті.

Колледж студенттері Устюгов Александр мен Муханов Алмас салқын тағамдар мен тісбасарларды дайындау бойынша шеберлік сыныбын көрсетті.

Сондай-ақ, іс-шара қонақтарына өз дағдылары мен шығармашылығын көрсете отырып, жеміс-жидектен турама жасауұсынылды.

Іс-шара өте қызықты және танымды болды. Шеберлік сыныбының барлық қатысушылары жағымды эмоция, позитивті күш-қуат және шығармашылық көңіл-күй алды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное