Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

20.02.2019 күні Астана қаласы #80 мектеп-гимназиясында "Ізденіс" қоғамдастығының ұйымдастыруымен "Инновациялық ортадағы мұғалімдердің бірлескен ізденісі" тақырыбында қалалық семинар болып өтті.

20.02.2019 күні Астана қаласы #80 мектеп-гимназиясында "Ізденіс" қоғамдастығының ұйымдастыруымен "Инновациялық ортадағы мұғалімдердің бірлескен ізденісі" тақырыбында қалалық семинар болып өтті.Аталған қоғамдастық мүшелеріне #9 "Зерде",#26,#35,#61,#80 мектептері кіреді. Оқыту тәжірибесінде мұғалімнің зерттеу құзыреттілігін дамытуға инновациялық орта құру мақсатында өткен бұл семинарда осы мектептердің жаратылыстану-математикалық бағыттағы және бастауыш сынып мұғалімдері тиімді сабақ түрлерін көрсетті. Олар"Зерттеу арқылы оқыту және оқу әрекетін зерттеу","CLIL аясында оқытудың инновациялық ізденістері" тақырыптарында өз тәжірибелерін қала мектептерінің мұғалімдерімен бөлісті. Әрбір өткізілген сабақ барысында пән мұғалімдері зерттеушілік мазмұнға бағытталған сұрақтар мен оқушылардың ізденіс әрекеттері арқылы сабақтың табыстылығын көрсете білді.Іс-шараға Білімді жаңғырту орталығының директоры Ибраева Гульнара Кульмуxамедовна және әдіскер Нуртаева Қаным-ай Өзбекбайқызы қатысып,оқушы мен мұғалім жұмысына толағай табыстар тіледі.Қала мектептерінің мұғалімдері өз білім қоржындарына өтілген әрбір сабақтан жаңа білімнің өмірде қажетті екендігіне оқушының көзін жеткізе білген мұғалімдердің озық тәжірибелерін ала алды деп ойлаймыз.Семинардың екінші бөлімі "TEDx-izdenis"сайысымен жалғасты. Сайысқа қатысқан 11 мектептің оқушылары  ұшқыр қиялдары мен шешендік сөз саптауларын үш тілде көпшілік алдында көрсете білді. Іс-шараны өткізуге атсалысқан ұжым мүшелеріне алғысымызды жеткіземіз. 

     

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное