Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"100 тарихи фильм" жобасының ашылу салтанаты

         Бұл жоба оқушылардың тарихи , мәдени дамуына жағдай жасау арқылы тәлім -тәрбие беру. Танымдық есте ссақтау қабілеттерін  арттыру мен жалпы эрудициясын дамыту, оқушылардың  бос уақыттарын тиімді пайдаланудың  жаңа жолын табуға арналады.
         "Қазақ киносының саңлағы" салтанатты жиыны өнердегі өмірі бір өнеге Ш.Аймановтың туған күнімен тұспа-тұс келді. Салтанатты жиын директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Байтас Г.Б. құттықтау сөзімен басталды.
         Ш.Аймановтың өмірбаяны туралы бейнефильмнен кейін оқушылар қазақтың әйгілі актері, режиссер, КСРО Халық әртісі, "Қазақфильм" киностудиясының жетекшісі  Ш.Аймановтың қазақ өнерінің жанданып, дамуына өлшеусіз үлес қосқанын, қалың көрерменнің көзайымына айналған фильмдердің авторы қандай болғанын, өмірі мен шығармашылығы жайлы білді.
        Ш.Аймановтың Қазақ драма театрындағы , кинодағы еңбек жолымен танысты. "Тақиялы періште" фильмінен танымал болған "Мама" әнін мектебіміздің әншісі Сабыржанова Гүлнұрдың орындалуында тамашаланды. Оқушылар  шынайлылығы мен мейірбандығына хас сұлулармен қатар, әлем жұлдыздары тәнті болған , өзі әнші, түрлі аспаптарда да ойнаған нағыз жігіттің сұлтаны Шәкен ағамыз жайлы көп мәлімет алды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное