Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Біздің №38 мектеп-лицейде "Математика – барлық ғылымдар патшасы" атты апталық өтті.

Бүгін ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен  физика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, албілім кілті- барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде.Себебі математикалық білімі мықты компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады.Оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алуүшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу-сабақта ғана емес, сыныптан тыс  жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек. Осындай жұмыстың маңызды  бір бағыты- пәндік апталықболып саналады. Ақпан айыныңы 11-18  күндер аралығында  мектепте математика пәндер апталығы өткізілді.

Апталықтың мақсаты: Зияткерлік ойындар арқылы оқушылардың математикаға қызығушылықтарын және жеке қабілеттерін дамыту.

Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, математикалық эстафета, мұғалімдер арасында «Логика қайда?» сайысы,  ашық сабақтар өте жоғары деңгейде өтілді.









Қорытындылай келе:  Ұстаз –әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.
 
Назар салғаныңызғы рахмет!!!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное