Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен қызылша ауруының алдын алу бойынша халыққа негізгі ұсыныстар берілді

Қызылша ауруы бойынша халыққа арналған негізгі ұсыныстар:

1) ата-аналарға өз баласының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда - қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алу;

2) қызылшаға қарсы әр түрлі себептермен егілмеген балалардың ата-аналарына әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдарына баруды шектеу;

3) катаралды құбылыстармен (дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік) аурудың алғашқы белгілері және бөртпе пайда болған кезде дәрігерге қаралу, қызылша ауруына тексеруден өту және оның барлық нұсқауларын орындау.

Есіңізде болсын, ауруды емдеуден гөрі алдын алу әрқашан оңай!

Қызылша - дене қызуының жоғарылауы, жөтел, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы және бөртпемен сипатталатын вирустық табиғатты жіті жұқпалы ауру екенін атап өту керек.

Қызылшаның симптомдары:

Алғашқы белгілері: жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, мұрын бітуі, тамақтың ауыруы, жарықтан қорқу, көздің қызаруы, жас ағу (конъюнктивит), жөтел;

Негізгі белгілері: бастан бастап, одан кейін дененің төменгі бөлігіне және аяққа дейін түсіп таралатын, бүкіл денеге бөртпе шығу; ауыз қуысындағы ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) және қызыл дақтар.

Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.

Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.

Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу тегін және екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін қызамық және паротитті компоненттермен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады. Елімізде ҚҚП-ның жеткілікті көлемі бар.

Ағымдағы жылы әлемнің көптеген елдерінде қызылшамен сырқаттанушылық жағдайының күрделенуі тіркелді, оның ішінде Үндістанда 70 мыңнан астам жағдай тіркелді, Украинада – 38 мыңнан астам, Қытайда – 29 мыңнан астам, Малайзияда (9110), Тайландта (5461), Сербияда (5057), Пәкістанда (4447), Ресейде (4185), Мексикада (3690), Түркияда (3307), Францияда (2787), Ауғанстанда (2783), Жапонияда (1529), Қырғызстанда (1238), Англияда (910 жағдай) тіркелді. Бұл ретте, қызылшадан 68 өлім жағдайы тіркелді. Қызылшамен сырқаттанудың өсуін ДДҰ қызылшаға қарсы вакцинацияның аз қамтылумен байланыстырады.

Әлемде, оның ішінде Қазақстан Республикасымен шекаралас елдерде сондай-ақ халықтың сыртқы көші-қоны (оқыту, еңбек көші-қоны, демалыс және т.б.) қызылша ауруының тіркелуі Қазақстанға инфекцияның әкелінуіне және қоздырғыштың циркуляциясының өсуіне алып келді. 90-шы жылдары вакцинациялауды өткізіп алған, вакцина жеткізүінің бұзылуы, егілмеген адамдардың, оның ішінде болашақ аналардың, болуы - еліміздің халқы арасында қызылша сырқаттанушылығының өсуіне алып келді.

Қазақстан Республикасында 2018 жылы 576 қызылшаның жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 484 жағдай (84%).

Сырқаттану көбінесе егілмеген балалар арасында тіркелуде – 436 жағдай (76%), оның басым бөлігі (62%-дан астамы) егу жасына жетпеу себебінен егілмеген, медициналық қарсы көрсетілім - 119 (27%), вакцинациядан бас тартуға байланысты егілмегендер арасында 45 жағдай (11%).

2019 жылдың басынан бастап қызылшаның 749 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 534 (71,2%).

Инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы егілмеген балаларды анықтауға және вакцинациялауға бағытталған эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 30 жасқа дейінгі егілмеген және қызылшаға қарсы егілгендігі туралы деректер жоқ 2528 адам егілді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное