Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

21.01.2019ж «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы сайлауы

«Жас Ұлан» ұйымының көшбасшылық қызметіне 9-10 сыныптары арасында  үміткерлер 14-16 қаңтар күндері  қабылданды.Сайлауға үміткер болып    10 «Ә» сынып  Куптлеу Али, 10 «В» Қуатбеков Жұмахан, 10 «Б» Гарифулла Эльвира  түсті. 17 қаңтар күні «Үміткер бұрышы» ілінді.  18 қаңтар күні үміткерлер 5-11 сынып оқушыларына және гимназия мұғалімдеріне өз бағдарламаларын таныстырды. Сонымен бірге, 21 қаңтар күні  гимназия әкімшілігіне  өз бағдарламаларын таныстырып, 21 қаңтар күні   сағат 11.05-14.00 аралығында «Жас Ұлан» ұйымының сайлауы болып өтті. Сайлауда 5-11 сынып оқушылары мен гимназия әкімшілігі және мұғалімдері дауыс берді.  Жоғарғы көрсеткіш пайыз 38,3% - 460 дауыспен   10 «Ә» сынып оқушысы Куптлеу Али көрсетті.





Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное