Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Ашық есік күні

















2019 жылы 1 қаңтар Білім басқармасының жалпы қалалық акциясы аясында №27 мектеп-лицейінде  1-4 сынып оқушыларының ата-аналары үшін Ашық есік күні  өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – Халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін, білім беру ұйымының кері байланысын жүзеге асыру. Ата-аналар сынып жетекшілермен, пән мұғалімдерімен, психологтармен кездесіп, олармен бірге өз балаларының БЖБ-ның және ТЖБ-ның нәтижелерін, оқушының одан әрі дамуын бірлесіп жоспарлау талқыланды. Кездесуге қатысушылар «Күнделік» электронды журналының жұмысы туралы сұрақтар қойып, электронды жүйенің мүмкіндіктері арқылы өз балаларының білім деңгейін бақылау туралы білімдерін кеңейтті. Ата-аналар үшін ұйымдастырылған «Критериалды, қалыптастырушы және жиынтық бағалау идеясы. Бұл не?» деген коучинг жақсы әсер қалдырды. Ата-аналардың көпшілігі бағалаудың жаңа түрі балалардың өздерін жақсы сезінулеріне мүмкіндік беріп, рубрикаторлардағы критерийлердің ашықтығы мен айқындылығы балалар мен ата-аналарға болашақта табысқа жету жолдарын бірлесіп құруға мүмкіндік береді деп атап өтті. Дәстүрлі оқу бағдарламасына сәйкес оқитын төртінші сынып оқушыларының ата-аналары келесі жылы бесінші сынып оқушыларын күтіп отырған оқу үрдісіндегі инновациялар туралы білді. Ата-аналар осындай іс – шараның  өзектілігі мен талап етілуін атап өтті. Кездесу өзара ынтымақтастық пен сенім ахуалында өтті.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное