Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Resýrstyq ortalyq

    Qazіrgі kezde ǵylymı ortada jáne pedagogıkalyq qoǵamdastyqtar arasynda ınklıýzıvtі bіlіm berý barshaǵa qol jetіmdі jáne bárіne bіrdeı bіlіm berý júıesіne qosý ıdeıasy keń etek alyp keledі. Munda balalar oqý protsesіne damý erekshelіkterі men jetіlý deńgeılerіne qaramastan bárі bіrge tartylady. Inklıýzıvtі bіlіm berý ıdeıasynyń týyndaýy balalardy bіr-bіrіnen ajyratatyn kedergіlerdі joıý máselesіne baǵyttalady. Osy baǵytta Astana qalasy №68 mektep-gımnazııasynda erekshe bіlіm alýdy qajet etetіn oqýshylarǵa arnalǵan Inklıýzıvtі bіlіm berýdіń Resýrstyq ortalyǵy 2017 jyldyń 5 qazan kúnі «SAMRUK-KAZYNA TRUST» áleýmettіk jobalardy damytý qory jáne «DARA» qorynyń qoldaýymen ashyldy. Resýrs ortalyǵynyń ashylýyna sebep bolǵan erekshe bіlіm alýdy qajet etetіn balalardyń mektep qabyrǵasyna kelýlerі.
     Mektep boıynsha úsh ınklıýzıv synyp bar. Resýrs ortalyǵynyń qyzmetkerlerіnіń kómegіn erekshe bіlіm alýdy qajet etetіn 6 oqýshy paıdalanýda. Olardyń ańǵarymdary ártúrlі. Osy oqýshylardyń barlyǵyna qajettі arnaıy kompensatorlyq qural-jabdyqtar «Dara» qorynyń kómegіmen alynǵan bolatyn.

     Қазіргі кезде ғылыми ортада және педагогикалық қоғамдастықтар арасында инклюзивті білім беру баршаға қол жетімді және бәріне бірдей білім беру жүйесіне қосу идеясы кең етек алып келеді. Мұнда балалар оқу процесіне даму ерекшеліктері мен жетілу деңгейлеріне қарамастан бәрі бірге тартылады. Инклюзивті білім беру идеясының туындауы балаларды бір-бірінен ажырататын кедергілерді жою мәселесіне бағытталады. Осы бағытта Астана қаласы №68 мектеп-гимназиясында ерекше білім алуды қажет ететін оқушыларға арналған Инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығы 2017 жылдың 5 қазан күні «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «ДАРА» қорының қолдауымен ашылды. Ресурс орталығының ашылуына себеп болған ерекше білім алуды қажет ететін балалардың мектеп қабырғасына келулері.
     Мектеп бойынша үш инклюзив сынып бар. Ресурс орталығының қызметкерлерінің көмегін ерекше білім алуды қажет ететін 6 оқушы пайдалануда. Олардың аңғарымдары әртүрлі. Осы оқушылардың барлығына қажетті арнайы компенсаторлық құрал-жабдықтар «Дара» қорының көмегімен алынды.


     

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное