Тақырыбы: Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер
Жүру барысы:
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.
1.2. «Сенің құқығың!»
14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.
15-бап
1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
16-бап
1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.
17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
19-бап
1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.
22-бап
Презентация: «Студенттік ортадағы құқық бұзушылықтың алдын алу».
Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері:
Әкімшілік құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек.
Әкімшілік құқық – ол мемлекеттік басқарудағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылықты белгілейтін ҚРның қолданыстағы құқығының саласы. Презентацияға назар аударыңыздар.
Презентация: «Әкімшілік құқық»
1-оқушы:
1-бап. Қазақтан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары
жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске олар енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.
4-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық туралы заңдарының кеңiстiк жағынан қолданылуы
13-бап. Кiнә принципi
3-оқушы:
18-бап. Жеке өмірге қол сұқпаушылық
Жеке өмір, жеке бастың және отбасының құпиясы заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдар мен жинақ ақша, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен, телеграф арқылы және өзге хабарламалар алысу құпиясына құқығы бар. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу барысында осы құқықтарды шектеуге тек заңмен тiкелей белгiленген жағдайларда және тәртiппен жол берiледi.
32-бап. Жеке адамның әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
45-бап. Әкiмшiлiк жазалардың түрлерi
1) ескерту жасау;
2) әкiмшiлiк айыппұл салу;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркiлеу;
5) арнаулы құқықтан айыру;
6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе қызметтiң белгiлi бір түрiне не белгiлi бір iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру, оның ішінде тізілімнен алып тастау;
7) жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
8) заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
9) әкiмшiлiк қамауға алу;
10) шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру.
47-бап. Ескерту
Ескерту әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады.
696-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының заңды күшiне енуi
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы:
1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы, егер оған шағым берiлмесе немесе наразылық келтiрiлмесе, шағым беру үшiн белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн;
2) шағым, наразылық бойынша ұйғарым шығарылғаннан кейiн дереу, сондай-ақ осы Кодекстiң 664-бабында көзделген жағдайда қаулы шығарылғаннан кейiн заңды күшiне енедi.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.
Мен жігіт 15-30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аласымда.
Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба,
- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Сынып жетекшісі: Беркутова Айым Мураткызы
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"