Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Қалыптастырушы бағалау – оқу мақсатына бастайтын жол» тақырыбындағы қалалық семинар

 2019 жылдың 17 қаңтары күні №64 мектеп-лицейдеқала мектептері арасындағы критериалды бағалау бағытыбойынша «Қалыптастырушы бағалау – оқу мақсатына бастайтын жол» тақырыбындағы қалалық семинар болып өтті. Семинарда жаңа білім мазмұны аясында математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, бастауыш сыныптарда ашық сабақтар беріліп, критериалды бағалау бойынша мұғалімдердің іс-тәжірибесі ортаға салынды. Пән мұғалімдері Миниязова Гульвира Жангабылқызы, Едилова Гульсим Тулеевна, Аубакирова Меруерт Сериковна, Махметова Тоқтар Сайлауовна, Алдешова Гульмира Белдибековна, Байкен Зульфия Серикқызы, Бекжанова Бахтигул Нурмухамедовналардың іс-тәжірибелерінен әріптестер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап тапты.
     Тарих, математика және бастауыш сыныптар бойынша шебер-сынып сағаттарын өткізген пән мұғалімдері   Султанбекова Іңкәр Талғатқызы, Боранбаева Әсел Сайынқызы,  Султанова Гульшира Кожахметовна, Бекназарова Дина Омаровналар қалыптастырушы бағалау бойынша мұғалім іс-әрекетін ұйымдастырудың қырларына тоқталды. Семинарға №42, №54, №57 мектептердің  мұғалімдері қатысып, өз пікірлері мен ризашылықтарын білдірді. Мектеп робототехника үйірмесінің мүшелері де қонақтарға өз жетістіктерімен мақтана алды. Мектеп педагогикалық ұжымына алдағы еңбектеріне табыс тілейміз. Алар асуымыз көп болсын. 













Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное