Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

80 мектеп-гимназиясында ашық есік күні өтті

#80мектеп-гимназиясында 15қараша күні "Жанұя және мектеп: интеллектуалды-салауатты ортада сауаттылықты бірлесіп дамыту" атты ашық есік күні өтті. Ата-аналармен достастық кездесудің мақсаты- оқушылардың білім қажеттіліктерін және педагогикалық ситуацияларды бірлесіп шеше отырып, мектеп жүйесін жаңашаландыру. Таңғы сағат 08:45-тен  басталған ашық есік күні оқушылардың қолөнер бұйымдарынан жасалған туындыларды көрумен басталды. Ата-аналар сабақ кестесі бойынша сабақтарға қатысып, білім мазмұнының жаңаруындағы әдіс-тәсілдермен танысты. Әр сабақтың соңында берілген сұрақтар бойынша кері байланыс  жазып отырды. Ата-аналарға осы күні мектеп психологы мен ұстаздары тарапынан  әдістемелік кеңес те ұсынылды. Жаңартылған білім мазмұны негізіндегі критериалды бағалау мен отбасылық құндылықтар бойынша кітапханада  коучинг пен  тренинг ұйымдастырылды. Бір күнін мектеп өміріне арнаған  ата-аналар ашық есік күніне белсене қатысып, өз ұсыныстарын білдірді.

             

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное