Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

КВН



Бүгін, яғни 2018 жылдың 14 қараша күні мектебімізде шараны ұйымдастыру «Жайдарман» ойындарын балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының бірсаласы ретінде насихаттау және әр сынып командалары арасында шығармашылық, достық қарым-қатынасты күшейту болды. Бұл жолғы жайдарман ойындарының кезеңдері күрделендіріліп, тапсырмалар 3 кезеңнен тұрды. Әділ қазылардың шешімі бойынша 8в, 8е, 9а сыныптары III орынды иеленсе, 8а, 10б сыныптары II орынды жеңіп алды, ал 10ә сыныбы I орын тұғырына биік көтерілсе, 11а,ә сыныптарының оқушылары бас жүлдені жеңіп алып, мектептің ауыспалы кубогын иемденді.Үздік ойыншылар Абайбек Мухаммед 11а сынып, Жагипаров Нариман 10 ә сынып оқушысы. Қалған жүлдегер командалар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ал сайыстың негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының арасында шығармашылық белсенділікті арттыру. Құттықтаймыз!

Тәрбие бөлімі












Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное