Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Табысты мектеп – табысты бастама»қалалық фестивалі

Бұл фестиваль аясында болашақ кәсіби қоғамдастықтың, яғни № 58, 67, 40, 34 мектептердегі тың жобалармен тәжірибе алмасу жүргізіледі. «Табысты мектеп – табысты бастама» тақырыбында әр мектеп инновациялық жобалар көрмесін ұйымдастырады.
№58 мектеп «Жасыл лаборатория», «Ғылым және техника», «Бизнес мектеп», «Құммен сурет салу», «Media Studio» сынды жаңа инновациялық жобаларын көпшілікке ұсынады.
№ 67 мектеп оқушыларға  шетел тілдерінен білім беруге бағытталған. Оқушылар ағылшын тілі, қытай тілі, неміс тілі және француз тілдерін оқып үйренеді.  № 40 мектепте«Ұлылықты ұлықтау – Ұрпаққа ұлағат» жобасы аясында «Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылық қызметі арқылы жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру» бағдарламасын іске асырып келеді.№ 34 мектеп оқушыларға кәсіпкерлікті үйрету арқылы кәсіби-техникалық мамандықтарға деген қызығушылықтарын оятып және мамандық таңдауға бейімдеп, жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуда осы жоба аясында жұмыстар атқаруда. Дәстүр ретінде алғаш рет «Табыстылық кластері» аясындағы қалалық семинарды «Табысты өткізсін»  деген тілекпен келесі жетекші  №4 мектеп-гимназиясына  «Табыстан – табысқа» символын табыстау рәсімі өткізілді.








Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное