Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Бала деп соққан бауырмал жүрек » атты танымдық іс-шара «Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ №5 балалар кітапханасында

«Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ №5 балалар кітапханасында 25 қазан Мұзафар Әлімбаевтың 95 жасқа толуына байланысты «Бала деп соққан бауырмал жүрек » атты танымдық іс-шара аталып өтілді. Осы шараға   №64 мектеп лицейінің 5 ''И'' сынып оқушылары қатысты. 
Іс-шара  Еліміздің әнұранымен басталды. Әнұранның орындалуының өзі Мұзафар атамыздың шығармашылығымен тікелей байланысты еді.
Оқушыларымыз ерекше ықыласпен аса жауапкершілікте орындады. Әрі қарай ақынымыздың шығармашылық жолына  саяхат жасалынып, видео көрсетілді. Оқушыларға танымдық сайыс ұйымдастырылды. Сайыста оқушылардың сөз жұмбақ, жұмбақтар, нақыл сөздер барысында алғырлықтары айқындалды. Сайыс соңында жеңген топтарға  кітаптар мен марапаттау қағаздарымен марапатталды.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное