Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Білім нұры» кластер мектептердің «Қалыптастырушы бағалау» - үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі» атты семинары өтті

2018 жылы 19 қазан күні Астана қаласы №68 орта мектеп базасында №8, 44, 45, 49, 68 өңірлік-аймақтық бірлескен «Білім нұры» кластер мектептердің «Қалыптастырушы бағалау» - үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі» атты семинары өтті. Мақсаты: қалыптастырушы бағалауға қажетті жағдайлар мен оның функциясын анықтау. Семинарға «Білім беруді жаңғырту» орталығының әдіскері Жакалакова Салтанат және №№26, 58, 40 мектеп басшылары және мұғалімдері қатысты. Семинарда латын әліпбиі (Р.Жұмашева, Ж.Ештанаев, Н.Бәшір), «Ұлы Дала мұрагерлері» тәжірибелік алаңы (Н.Карбоз, К.Сейл, Ж.Жарылғасова), робототехника (Ж.Толқын), «Ұлттық қолөнер – асыл қазынам» қолөнер үйірмесі (Г.Хиватолда, С.Амангелдиева, Б.Ерман), инклюзивті білім беру (Д.Атамбаева) бағыттарында жұмыстар таныстырылды. Бастауыш сыныбының мұғалімдері: Искакова С.Ж. 3 «Д» сыныбына математикадан, Науан А. 5 «А» сыныбына математикадан, Казина Т.Ө. 3 «Ә» сыныбына әдебиеттен, Кенебаева С.О. 9 «Б» сыныбына физикадан сабақтарын өткізді. Мектеп АКТ залында тәжірибелі ұстаз, бастауыш сынып мұғалімі Ошанова Г.Ж. «Тиімді кері байланыс – сапалы білім кепілі» атты шебер сынып өткізді. Семинар соңында, №№8, 44, 45, 49, 68 мектептің басшыларымен критериалды бағалау туралы координаттар, үйлестірушілер және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлар бас қосып, жоспар бойынша қайта жаңа жұмыстарға түзетулер енгізіп, алдыға түрлі мақсаттар қойды. Семинарға басшылық жасап, ұйымдастырған ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Сарсембекова Лаура Жолмухаметқызы және «Білім нұры» кластерлік мектептің координаты Дүйсенбаева Динара Қуандыққызы.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное