Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

№ 74 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ҰЖЫМЫ «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ 5 ҚАЗАН 2018 ЖЫЛҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

  Біз қашан да заман сынына   тегеурінді іс-қимылмен төтеп беріп келеміз. Бұл – ең алдымен, ел ынтымағының арқасы. «Ынтымақты елдің ырысы мол» дейді халқымыз. Бүгінгі кезеңнің де талабы оңай емес. Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. Мен әрбір жолдауымда халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға ерекше мән беріп келемін. Иә, шынымен де,  атқарылған көп жұмыстың куәсі болып келеміз. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуіміз де, өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын жауапты әрі қалаулы халықаралық серіктес ретінде танылуымыз да алдымызға қойған айқын мақсаттардың нәтижесі. Еліміздің Үшінші жаңғыруындағы басты міндет – Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру. Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді. Бүгінде жаһандық және жергілікті проблемалар тоғыса түсуде. Мұндай жағдайда сын-қатерлерге төтеп берудің және мемлекеттің табысқа жетуінің кепілі елдің басты байлығы – адамның даму мәселесі болып отырғанын, сондықтан да жолдауда  Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі  басты басымдыққа айналуға тиіс  екенін атап көрсетті. Жолдау 6 негізгі бағыттарының бірі – тұрмыс сапасын арттыруда -  білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі, жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты екенін атап өтті. Екіншіден, мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керектігіне тоқталды. Себебі баланың  ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады. Үшіншіден, орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аударған жөн. Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады. Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс. Орта мектептердің өзінде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды. Бұл оқытудың жеке бағдарын жасауға және оқушы мен мұғалімнің оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді және басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыруды тапсырды. Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттілігін және  мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен  тыс функциялардан арашалауға тиіс құжат болатындығын айтты. Қорыта келгенде, бұл жолдау күннен-күнге, жылдан-жылға қазақстандықтардың өмірін жақсартуға арналған, нақты істі атқаратын бағдарлама деген түйін жасалды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное