Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Халықаралық қарттар күні «Қарттарым – асыл қазынам» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырылды

Аққорған 2 мекен- жайында орналасқан «Қарттар үйінде»  әлеуметтік педагог Текебай Ұлболсын, Адилбекова Алем және  7 «Е» сыныбы, сынып жетекшісі Даривхан Нұргүлдің  ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама және сырласу кеші болып өтті.

Мақсаты: жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым - қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

Оқушылар дайындаған мәнерлеп оқу және де ән-жырларымен өнер көрсетті. Және де кішігірім мерекелік дастархан жайылды.

Сонымен бірге, Даривхан Нұргүл мен Текебай Ұлболсын жан жүректі тербейтін әндерін шырқады.














Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное