Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау»

        2018 жылдың 5 қазан күні  Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында  ұлағатты ұстаздар күніне орай «Үстаз – мектеп жүрегі» атты мерекелік  іс-шара өтті. «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Мерекелік іс-шараға ардагер ұстаздар, ұстаздар қауымы және оқушылар қатысты. Кеш шымылдығын құттықтау лебізімен  мектеп директоры  Г.М. Шаймердинов ашып берді: «Құрметті ұстаздар, білім беру саласының ардагерлері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мұғалім болу – мамандық болса, ұстаздық – ол қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді. Егемен еліміздің келешегі жас ұрпаққа тағылымды тәрбие мен терең білім беру жолында атқарып отырған еңбектеріңіз нәтижелі болсын. Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт және шығармашылық табыс тілеймін! Мереке құтты болсын!».
        Мейрам қарсаңында ұстаздарға  алғыс хаттар мен гүл шоқтары табыс етіліп, құттықтады. Арнайы ұйымдастырылған ойындар мен бейнежазбалар кешті одан ары қызықтыра түсті. Оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ән шырқап ұстаздарды  шаттыққа бөледі. Аса жауапкершілікпен дайындалған бастауыш сынып оқушылары мен жоғары сынып оқушылары кешті жоғары деңгейде қойып, ұстаздарға деген құрметтерін көрсетті.
     Ұстаздар қауымына қандай сый жасасақ та артық болмасы анық. Мектептің  оқушылары  мектеп ұстаздарын жұмыс күні фотогалереямен  қарсы алды. Мектеп оқушылары барлық  ұстаздардың суретін  мектеп қабырғасына әдемілеп іліп қойған. Бірнеше құттықтау газеттері мен қолмен салынған суреттер ұлағатты ұстаздарымызды қуанышқа бөлегені сөзсіз.
      Ұстаз – ұлы есім! Білмейтінді білдіретін, санаға ақыл ұялататын, арманыңа қанат бітіретін, өмірді ұғынуыңа себеп болатын аяулы ұстаздарды кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

           


        


        


       

       

       


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное