Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Мұғалімдер күні - мәртебелі мейрам

Ұстаз  - болашақтың  басшысын да данасы мен ғалымын да, еңбекқор егіншісі мен кеншісін де қалыптастыратын құрметті мамандық  иесі.  Қазанның алғашқы жексенбісі - ұлағатты ұстаздар күні мерекесі. Ел ертеңін тізгіндер жас ұрпақты тәрбиелеуден жалықпаған мұғалімдер өздерінің төл мерекелерін атап өтуде. №48 мектеп-лицейде «Ұстаз, алдыңызда бас иеміз!» атты мерекелік салтанатты шарасы өтіп, еңбегі ерен ұстаздар марапатталды. Мектебіміздің директоры З. Садыкова ұстаздарды мерейлі мерекесімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. Ұстаздар мерекесіне арналған бұл шарада мектебіміздің білікті мамандары  ҚР Блім және ғылым министрі Е.Сағадиевтың Құрмет грамотасымен,  «Алматы» ауданы әкімі Ә.Сәрсембаевтың Алғыс хатымен, «Нұр Отан» партиясы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Касеновтың Алғыс хатымен, «Әділет» кәсіподағының төрайымы Б.Наурызбаеваның грамоталарымен марапатталды. Кез-келген марапат ұстаз мамандығының мәртебесін асырады. Кәсіби ізденісті ілгерлетіп, ынта-құлшынысын арттыратыны сөзсіз.






Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное