Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Сөз шеберлері атты жүргізушілердің фестивалі

2 қазан күні мектебімізде Сөз шеберлері атты жүргізушілердің фестиваль байқауы өтті.

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы - деп, Абай атамыз айтқандай, сөзді өрнектеп, шеберлікпен елге жеткізе білу де өнер. Осы өнердің йесі екенін дәлелдеу үшін оқушылар белсеніп, сынға түсті.

Олар: Ташкенбай Қасымхан, Бапай Зерделі, Данат Мерей, Сәкен Шолпан, Арапбаева Махаббат, Авезова Зухра, Қуандық Айша, Авезова Мадина, Қапалбек Ермек, Дәнебек Тоғжан, Киянбекова Адина. Қатысушылар ең бірінші бейнероликтер  арқылы өздерін және туылған жерлерін таныстырды. Келесі кезең «Идея. Жоба. Іске асуы» тақырыбында үй тапсырмаларын көрсетті. Байқау шарты бойынша оқушылар  теледидардағы бір бағдарламаны сахнада сомдап, жүргізушілік қабілетімен танылды. Соңғы сайыста қатысушыларға ситуациялық сұрақтар беріліп, тапқырлықтарымен сыналды. Жарыс нәтижесі бойынша үздік шығып,  1 орынды 10 Ә сынып оқушысы Киянбекова Адина йеленді. 2 орын 9 Б сынып оқушысы Қуандық Айшаға бұйырса, 3 орын 8 Ә сынып оқушысы Бапай Зерделіге тиесілі болды. Қалған қатысушылар «Өнерлі жүргізуші», «Тапқыр жүргізуші»  т.б. секілді номинациялармен марапатталды.                       

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное