Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Тілім барда айтылар сыр ойдағы ...»

2018 жылдың 25 қыркүйек күні №59 мектеп-лицейінің акт залында 4-сыныптар арасында тілдер мерекесіне орай «Тілім барда айтылар сыр ойдағы ...» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Тілді құрметтеу. Өзге тілде еркін сөйлесу дағдысын қалыптастыру.

Мереке «Балауса» ансамблінің күйімен салтанатты түрде ашылды. Тіл туралы көрермендерге слайд және бейнефильм көрсетілді.  «Қазақстан Республикасының тілдер мерекесін қабылдау заңы туралы» айтылды.           «Ана тілі» вокалдық тобының әншілері ән шырқады. А.Құнанбаевтың «Табиғат лирикасы» атты сахналық көрінісі көрсетіліп, орыс тілінде өлеңдер және  частушки айтылды. Келесі кезек «Казахстан» әнімен жалғасты. Ағылшын тілінің мұғалімдері дайындаған «Колобок» ертегісі өте тартымды болды.  Сонымен қатар ағылшын тілінде мәнерлеп өлеңдер оқылды. «Қанекей тілім сөйлеші»  Нұртұлға термесі ойналды. Қазақтың қара домбырасы, тілі келесі ұрпаққа аманаттап табысталды.  Іс-шараның соңы мектеп мұғалімдерінің қатысуларымен және көрермендердің «Қара жорға» биін билеуімен аяқталды. 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное