Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

«XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» 10-11 сынып атты ата-аналарына педагогикалық-психологиялық көмек ұсыну мақсатындағы ата-аналар конференциясы

2018 жылдың 9 қыркүйегі күні 10-11 сынып ата-аналарына «XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» тақырыбынды республикалық ата-аналар конференциясы ұйымдастырылды. Мектеп директоры Д.М.Джумартова алғашқы сөзді алып, «XXI ғасырдағы қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» республикалық ата-аналар конференциясының ұйымдастырылуына орай 10 және 11-сынып ата-аналарын отбасы күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Білім беру үрдісіндегі енгізіліп жатқан соңғы ақпараттармен және мектеп қабырғасындағы жаңалықтармен бөлісті.

Отбасы институтының басшысы С.Л.Евдокимованың «Отбасы мен отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстан ата-аналар қауымдастығының» 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арнаған бейне үндеуі тыңдалды

Коференцияда  психологтар  «ҰБТ-ға дайындық және оны тапсыру барысында жасөспірімге ата-ананың психологиялық көмегі»; «Кәмелетке толмаған балалардың суицидтік (ауто-деструктивті) мінез-құлқының алдын алу»; «Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін  отбасы берекесінің маңыздылығы» тақырыптарында кеңес берілді.

Сонымен қатар директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.У. Қошқарова Қазақстанның білім және ғылым, әділет, дін істері және азаматтық қоғам министрліктері  діни атрибутика киюге тыйым салу туралы жариялаған бұйрықтарымен ата-аналарды таныстырды.


                                        




                                         


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное