Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

Ақын ұрпағымен кездесу

Бүгін, 21.09.2018 ж. Астана қаласы Т.Айбергенов атындағы №16 орта мектепте ақиық ақын Төлеген Айбергеновтің қызы Салтанат Айбергеновамен кездесу өтті. Кездесуге мектеп директоры Б.Айтмухаметова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және оқушылар  қатысты.  Қонақтарға арнап оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды, ақын туралы естеліктерден оқып, ақынның  өлеңіне  жазылған әнші Роза Әлқожаның «Атамекен» әнін мектептің гимні ретінде  орындады. Кездесу барысында ақынның қызы Салтанат өз отбасы туралы, ақынның өмірінен естеліктер айтты. Оқушылар өздері қызығушылық танытқан сұрақтарға жауап алды. Кеш соңында Салтанат Төлегенқызы әкесінің өлеңдерін мәнерімен оқып, оқушыларға өз тілегін айтты. Мектеп директоры Балжан Айтмухаметова алдағы уақытта қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосып жүрген ақын-жазушылармен мүмкіндігінше кездесіп сұхбаттасып турудың маңызы зор екенін айтып өтті.Оқушылар кездесуден үлкен әсер алды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное