Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

1- сыныпқа құжаттарды қабылдау

 

Ата-аналар үшін

 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19  қаңтардағы  № 127  қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10  мамырдағы № 254  қаулысына сәйкес:
 8-тармағы бойынша баланың немесе білім алушының ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері оқу үшін кез келген білім беру ұйымын таңдауға құқығы бар;
10-тармағы бойынша бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын, барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, барлық жеті жастағы балалардың және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.

                           Мектепке қабылдау үшін құжаттар тізімі:
    1)       Туу туралы куәлік көшірмесі (ЖСН);  
    2)       Денсаулық паспорты 026/у формасы+ (063 форма екпе қағазы);
    3)       Фото 3x4 (2 дана);
    4)       Ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі;
    5)       Телефон номері, электронды почта; 
    6)       Құжаттарды салуға (файл 1 дана);

      Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен осы тармақта көрсетілген құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымы мен 30 тамызы аралығында жүргізіледі.

Қаулыда балалардың дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ету нормасы сақталған.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное