Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Жаңалықтар

"Жайдарлы жаз" жазғы сауықтыру лагері

Мектепішілік «Жайдарлы жаз» жазғы сауықтыру алаңы туралы мәлімет

 

      4 маусым сағат 9:00де Мектепішілік «Жайдарлы жаз» жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы мектеп ауласында өткізілді. Алаңға мектеп 1-6 сынып оқушылары және алаң қызметкерлері мен құрметті қонақтар мен ата-аналар қатысты. Ашылу мерекесімен Ғ. Қайырбеков атындағы мектеп- гимназиясының директоры Г. М.Шаймердинов құттықтап, бүлдіршіндерді лагерьге белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарынайтты. Салтанатты жиында балалардың сүйікті кейіпкерлері Кунфу панда, Спанч боб, Шрэк және Фиона кейіпкерлерін сомдаған ұстаздар балаларды қызықтырып, ойындар ойнап, сыйлықтар беріп, ән айтқызып, билетіп, оқушылармен қызықты әсерде естерінде қалатындай ұйымдастыра білді. Лагерь жетекшісі Лещев А. С. балаларды топқа бөліп, асфальтқа суреттер салғызды. Тақырып: «Туған жер және ғажайып табиғатым!» деп аталды. Ең үздік салған топқа бағалы сыйлықтар ұйымдастырып, үлестіріп берді. Жиында «Мерекем» әні, «Әдімі-ай!» әндері орындалып, «Флешмоб» биі орындалды. ды. Барлық оқушыларды мектеп фаесіне кіргізіп, алаңның ашылу рәсімін тамашалауға шақырып, «Жайдарлы жаз» алаңына келген оқушыларға шашу шашылып, оқушыларды кіргізді. Оқушыларды топ жетекшілері және тәлімгерлері белгіленген кабинеттеріне апарып, күн тәртіптерімен таныстырып, кітапхана, мектеп психологтары және медбике топтармен танысты.
    Әр топпен ойындар ойнатылып, сыйлықтар ұсынылды. «Жайдарлы жаз» алаңының ашылу салтанааты рәсімі орындалып, шашу шашылды. Оқушылар топқа бөлініп, өз кабинттеріне топ жетекшілерімен барды.
Жазғы демалыс лагерінің тәрбиешілері және  мектептің мұғалімдері бірігіп, оқушылар арасында «Ой жүйрік» атты сайысын өткізді. Бұл сайыстың мақсаты: оқушыларды шығармашылыққа баулу, ой қорыту, іздену, шапшаң әрі нақты жауап беруге дағдыландыру, өз ойларын анық  жеткізу қабілеттерін дамыту. Cонымен қатар “Ағылшын тілінде сөйлейміз” атты Арипова Роза және қазақтың ұлттық ойыны Ахметова Альмиралар ұйымдастырған қызықты іс- шаралар өткізілді.
   Балаларды қызықтыру және дене шынықтыру мақсатында арқан боймен жүру Досжанова Махаббат және Мұратаева Гаухарлар ұйымдастырған қызықты шаралар өткізілді.
 
          

    

 

 

     

      

      

      


     

   

 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное