Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Лагерьдің ІІ маусымының ашылу салтанаты

ІІ маусымның ашылуына орай өткізілген салтанатты жиын лагерь басшысы Кажуева Айслу Хайргелдіқызының құттықтау сөзімен басталды. Ашылу салтанатына орай ҚР Әнұраны орындалды. Оқушылардың музыкалық сәлемінен соң, ІІ маусым лагерінің жоспарымен таныстырылды. Атап айтқанда «Спорт – денсаулық кепілі» - әртүрлі спорттық жарыстар, «Көңілді әуен толқынында» атты флешмоб байқауы, «Туған жерім – табиғаттың қандай көркем» - асфальтқа сурет салу іс-шаралары өтеді.

Сауықтыру – демалыс лагеріне барлық жағдай жасалған. Тәрбиешілер мен тәлімгерлер де өте жауапкершілікпен жұмыс жасайды. Салтанатты жиын күмбірлеген күй мен әсем әнге ұласты.

Мереке соңында оқушылар естелік суретке түсті. Іс-шаралар кесте бойынша жүзеге асады. Көп оқушылар жаңа достар тауып, қимас жандарға айналары сөзсіз. Жаңа достар, әртүрлі ойындар, серуендеу, танымдық іс-шаралар әр балаға бақыт сыйлары анық.




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное